KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 4 м/с, Ю
522.91 548.85 5.05

Инклюзивті спорт фестивалінен жүлдемен оралды

5.12.2024, 14:30 365 Төлеуғазы Жансая


Астанада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық баланың қатысуымен «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті. Осы байқауда ШҚО Глубокое ауданындағы Белоусовка орта мектебінің оқушылары жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық іріктеу кезеңінен өткен Белоусовка орта мектебінің үш оқушысы – Александр Колтунов, Олег Панов, және Егор Максименко – Астанада өткен финалдық кезеңде командалық жарыста жеңіл атлетикадан үздік нәтиже көрсетті. Жүлдемен оралған оқушыларды Өскемен вокзалында сыныптастары мен ұстаздары зор құрметпен, гүл шоқтарымен қарсы алды.

Егор Максименконың анасы Марина ұлының жеңіл атлетикадан бөлек, футбол мен шахматқа да әуестігін мақтанышпен жеткізді. Жазда «Балдаурен» лагерінде өткен шахмат жарысында бірінші орын алған Егор бұл жолғы жеңісін де алғаш болып анасына сүйіншілегенін айтты. «Бізді осындай ықыласпен қарсы алады деп ойлаған жоқпыз», – деп қуанышын бөлісті анасы.

Айта кетейік, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған «Тең мүмкіндіктер» фестивалі «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

– Инклюзивті спорт фестивалі балалардың жаңа достар табуына, спорттық дағдыларын шыңдауға үлкен мүмкіндік береді. Белоусовка орта мектебінде 648 оқушы бар, оның ішінде 44-і ерекше бала. Солардың 27-сі спорттық секцияларға қатысады. Оқушылар жеңіл атлетикаға ерекше қызығушылық танытып келеді, – деді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сержан Сүлейменұлы.

Жанаргүл Көкенайқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу