Еуропалық туристер Шығыстың қысқы тұмса табиғатына тамсанды
Шығыс Қазақстандағы «Алтай Альпі» тау-шаңғы курортына Еуропадан 10 турист келді. Шетелдік қонақтарды тау-шаңғы саласы бойынша танымал гид Флори Керн осы өлкенің көркем табиғатымен таныстырып жүр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстанда қысқы туризм түрлерін дамытуға барлық мүмкіндік бар. Асқар таулы, шалқар көлді табиғаты бар киелі мекеннің климаты да саланы өркендетуге шақырып тұрғандай. Бүгінде облысымызда туризмнің бұл саласы қарқынды дамуда. Тіпті шетелдерден келетін туристердің қатары артқан. Еуропалық туристердің Шығысқа келуі бұл өз кезегінде Қазақстандағы туризмнің барлық халықаралық стандартқа сәйкестігінің бір дәлелі болса керек.
Ал Швейцариядан келген Вероника есімді туристің тау-шаңғы спортымен айналысып жүргеніне 10 жыл болған екен. Бұл – оның Шығыс Қазақстанға жасаған алғашқы сапары.
Ажар Сағатбекова