ШҚО мәслихатының сессиясында келер жылдың бюджеті бекітілуде
Өскеменде өтіп жатқан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясында 2025 жылдың бюджеті қарастырылып жатыр. Жиынға аймақ басшысы Ермек Көшербаев пен жауапты сала жетекшілері қатысуда.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетіп отыр. Алдағы жылы 198 млрд теңге білім беру саласына бөлінеді. Сонымен қатар, 14,5 млрд теңге қаражат жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталып, 312 шақырым жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Белбеев мәлімдеді.
Сондай-ақ, өңірдегі мәдениет саласына 8,6 млрд теңге, ал спортты дамытуға 17,2 млрд теңге қаражат қарастырылып отыр.