KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
502.83 545.37 5.95

Серебрянск арнайы мектебінің тәлімгерлері«Торпедоның» ойынын тамашалады

18.02.2025, 11:22 273 Төлеуғазы Жансая

 

Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері «Торпедо» хоккей клубының плей-офф кезеңіндегі матчына барып қайтты. Балалар Өскемен мен Ақтөбе командалары арасындағы ойынды спорт аренасынан тамашалау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Матчқа деген қызығушылықты арттыра түскен жағымды сәттердің бірі – арнайы ұсынылған тәтті-дәмділер. Балалардың турнирге сапарына «Казцинк» компаниясы демеушілік көрсетті.  

– Хоккей матчы балаларға ерекше әсер сыйлағанына сенімдімін, – дейді компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев. – Спорт тек физикалық дамумен шектелмейді, ол – өзара қолдау көрсетуді, командада жұмыс істеп, нәтижеге жетуді үйретеді. Осы кездесуден кейін балалардың бірі хоккейге немесе басқа да спорт түріне қызығушылық танытып, өзін сынап көргісі келетін шығар.  


Фото: «
Казцинк» ЖШС қоғаммен байланыс басқармасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу