KZ
Өскемен
+33°
переменная облачность жел 0,7 м/с, СБ
510.58 571.8 6.34

Гонконг университетінің грантына ие болды 

17.04.2025, 14:00 1 116 Айжанат Бақытқызы

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «B» сынып оқушысы Алина Қапар Гонконг политехникалық университетінің «Computer Science» мамандығы бойынша толық грантына ие болды.  

Гонконг политехникалық университеті – 1994 жылы университет мәртебесін алған, Гонконг қаласында орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орны. Әр түрлі рейтингтер бойынша бұл университет Гонконгтың үздік бес жоғары оқу орнының қатарында және Азияның 30 үздік университетінің қатарынан орын алады.

Алина Гонконг университетінің толық грантын иелене отырып, өзінің жоғары деңгейдегі білім мен ғылыми жұмыстарға деген қызығушылығы мен қабілеттерін дәлелдеді. Гонконг қаласындағы беделді университеттегі оқу Алинаның болашақта ғарыштық технологиялар мен компьютерлік ғылымдар саласында жаңашыл жобалар ұсынуға мүмкіндік бермек.

Алина Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім ала жүріп, ғылыми және шығармашылық бағыттарда жетістіктерге жетіп, өз мүмкіндіктерін барынша дамытуда. Атап айтқанда, «Book Took» деп аталатын білім платформасына патент иегері атанды, Space App Hackathon жобасында волонтерлік қызмет атқарып, DPG LAB жобасында финалист атанып, Model United Nations дебаттарына қатысып, мектептің үздік шараларынан табылып, өз шеберлігін дамытты. Бұл мектепте алған терең білім мен тәрбие оның болашақтағы білім алу жолында үлкен рөл атқаратыны анық.

Қапар Алина – болашағы зор жас ғалым, әлеуметтік жобалар мен ғылыми ізденістер арқылы әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылып жүрген оқушылардың бірі. Оның ғылым мен инновацияларға деген ықыласы жоғары, әрі ол әлемге жаңа технологиялар мен шешімдер ұсынуды мақсат етеді. 

– Жаңа жетістіктеріне қуана отырып, грант иегерін шын жүректен құттықтаймыз. Мектебіміздің туын биік көтеріп, білікті маман боларына сенеміз! – дейді Алинаның ұстаздары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу