«Қалбатау–Майқапшағай» автожолының қозғалысы жыл соңына дейін ашылады

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының мәліметінше, «Қалбатау–Майқапшағай» бағытындағы жол қозғалысы 2025 жылдың соңына дейін ашылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жоба аясында 16 көпір мен 100-ден астам су өткізу құрылғылары толық жаңартылып, заманауи стандарттарға сәйкестендірілуде.
Сондай-ақ, «Өскемен–Талдықорған» автожолының құрылысы аяқталып, қазіргі уақытта абаттандыру және жол бойындағы инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, келесі бағыттарда асфальт төсеу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі:
• «Семей–Қайнар»,
• «Семей–Ресей Федерациясы шекарасы»,
• «Қарағанды–Аягөз–Тарбағатай–Боғас»,
• «Өскемен–Семей»,
• «Таскескен–Бақты».