Ашық диалог: репродуктивті денсаулық мәселесі қоғам талқысында
Шығыс Қазақстанда репродуктивті денсаулықты сақтау және насихаттау мақсатында ақпараттық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Репродуктивті денсаулық апталығының басталуы» тақырыбындағы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, бүгінде репродуктивті денсаулық – тек медициналық салаға тән мәселе ғана емес, тұтас қоғамның болашағына әсер ететін маңызды фактор. Адамның репродуктивті денсаулығы оның физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатының негізін құрайды. Бұл – әрбір азаматтың репродуктивті мүмкіндіктерін жауапты әрі қауіпсіз түрде жүзеге асыра алуына қатысты кешенді ұғым.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында ВИЧ инфекциясының жастар арасында таралуына байланысты алаңдаушылық білдірілді. Бұл да репродуктивті денсаулыққа тікелей әсер ететін факторлардың бірі.
Осыған орай, елімізде репродуктивті денсаулық апталығы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Апталық барысында тұрғындарға андрологтар, урологтар, балалар гинекологтары және репродуктологтар тегін кеңес беріп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қажетті мекенжайлар мен мамандар қабылдайтын орындар туралы толық ақпарат ұсынылады.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, мұндай ақпараттық іс-шаралар халықтың репродуктивті сауатын арттырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға үйретудің тиімді тәсіліне айналуда. Өйткені ұлт болашағы – дені сау ұрпақпен тығыз байланысты.