Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа ілікті

Фото: gov.kz
Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында сирек кездесетін жыртқыш – қар барысы фототұзаққа түсті. Арнайы құрылғыны орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Panthera uncia түрінің бірегей бейнесі алынды. Бұл кадрлар еліміздегі биоалуанды сақтау мен табиғатты қорғауға бағытталған шаралардың тиімділігін айғақтайды.
Мамандардың айтуынша, мұндай деректер экожүйені сақтау бағытындағы зерттеулер мен бақылау жұмыстарының сапасын арттырады. Қазіргі уақытта ұлттық паркте жабайы жануарларды бақылау шаралары жалғасып жатыр.