KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 2 м/с, С
512.44 593.15 6.52

Өскеменде «Таза ойындар» өтеді

Фото: Өскемен қаласы әкімдігі

16.05.2025, 17:30 2 148 Гульжан Мусина

17 мамыр күні Өскемендегі «Самал» саябағында ерекше «Таза ойындар» экологиялық шарасы өтеді. Қатысушылар топ болып қоқыс жинап, оны сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырады. Барлығы ойын түрінде өтеді, ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұпайлар жиналған қоқыстың көлеміне, оны дұрыс сұрыптауға, қосымша тапсырмаларды орындауға және квест кезінде табылған ерекше заттарға (артефакт) беріледі. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен қайта өңделген әйнектен жасалған кубок, медаль алады. Бұдан бөлек, қатысушылар экологиялық викторинаға қатысып, тағы да сыйлықтар ұтып ала алады.

Қатысу үшін 2-4 адамнан тұратын команда жинап, арнайы қосымша арқылы тіркелу қажет. Тіркеу сілтемесі @clean_games_ukg инстаграм парақшасында бар.

Командалар таңғы 9:00-де жиналып, сол жерде тіркеледі. Ойын ережесі мен басқа да сұрақтарға жауапты сол жерде ала аласыз.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу