KZ
Өскемен
+18°
ясно Штиль
518.81 596.27 6.63

ШҚО-да 900 орындық екі мектептің құрылысы жалғасуда

19.05.2025, 19:30 422 Гульжан Мусина

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – Қазақстанның білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды кезеңі. Бұл бастама оқушылар мен мұғалімдерге қауіпсіз, заманауи және қолайлы оқу ортасын қалыптастыруды мақсат етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылдың 1 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысында осы жоба аясында салынған 2100 орындық бес жаңа мектеп өз есігін айқара ашты. Бұл білім ордалары Шемонаиха, Риддер, Өскемен (Увалиев және Тимофеев көшелері) қалаларында және Белоусовка кентінде орналасқан.

Сонымен қатар, өңірде екі мектептің құрылысы жалғасуда:

300 орындық мектеп — Опытное Поле ауылында, құрылыс жұмыстары 89% дайын (мердігер – «ФирмаАзия» ЖШС);

600 орындық мектеп — Өскемен қаласындағы Есенберлин даңғылында, дайындық деңгейі 68% (мердігер – «AST Qurylys 22» ЖШС).

Қазіргі таңда Опытное Поле ауылындағы мектепте ішкі әрлеу, инженерлік желілерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыстың аяқталуы 2024 жылдың 30 маусымына жоспарланған.

«Жайлы мектеп» жобасы өңірдің білім беру кеңістігін айтарлықтай өзгертуде. Заманауи мектептер балаларға сапалы білім алуға ғана емес, сонымен қатар олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, – делінген жоба аясындағы түсіндірмеде.

Ұзақ мерзімді перспективада бұл бастама оқу сапасына, оқушылар мен мұғалімдердің қанағаттанушылық деңгейіне оң әсер етіп, келешек ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктердің негізін қаламақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу