Увалиев көшесінде су беру уақытша тоқтатылады

Фото: pixabay.com
Өскемен қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Увалиев көшесі, 3 мекенжайындағы диаметрі 300 мм құбырда орын алған су ақауын жоюға байланысты бүгін сағат 8:00-ден бастап суық су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жөндеу жұмыстарын «Водоканал» мекемесі жүргізуде. Су беру жұмыстың аяқталуына қарай қайта қалпына келтіріледі.
Оқи отырыңыз