Колледж студенттері Бұқтырма жағасында тегін тынығады

Фото: ru.pinterest.com
Колледж студенттерін де жазғы лагерь күтіп тұр! Шілде айында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 150 студент қала сыртындағы демалыс лагерінде тынығады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Студенттер Үлкен Нарын ауданының Свинчатка ауылында, Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан жазғы лагерьге жолдама алады.
— Свинчатка ауылындағы білім басқармасына қарасты жазғы лагерьде оқуда, өнерде және спортта жетістікке жеткен студенттер, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан жастар демалады. 2024 жылы бұл лагерьде 14 колледжден 120 студент демалды. Биыл үш ауысым бойынша 150 студент қабылданады. Маусым айында колледждерде сабақ аяқталған соң, студенттер Бұқтырма жағасына жол тартады, — дейді облыстық білім басқармасындағы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің өкілі Гүлмира Мамырбекқызы.
Оқи отырыңыз
ШҚО-да 150 колледж студенті Бұқтырма жағалауында демалмақСемейде көп балалы отбасылардан шыққан 500 бала лагерьде тегін демаладыБалалар демалысы: Аймақта алғаш рет «Киелі Шығыс» жобасы жүзеге асадыКолледж студенттерінің шәкіртақысы өседіӨскеменнің бюджетінде балалардың тегін демалысына қаражат қарастырылмаған