KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
518.97 607.3 6.64

Есірткі қылмысы құрықталды (видео)

4.06.2025, 19:30 144 Айна Бакимбаева

 

2025 жылдың алғашқы бес айында өңір аумағында 114 есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталып, 40 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысында есірткі қылмысына қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алу – полиция  департаментінің басым бағыттарының бірі болып отыр.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері «жасырын қойма» әдісімен есірткі саудалаған жеті адамды ұстады. Тергеу барысында олардың қолынан 1,5 келіден астам синтетикалық есірткі – «мефедрон» және «альфа-ПВП» алынды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, өңірде есірткі өсірген 10 заңсыз фитолаборатория анықталып, жойылды.

- Ішкі істер министрі жариялаған «Профилактика жылы» аясында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері ашық кездесулерге қатысып, есірткіге қатысты заңнамалық өзгерістерді түсіндіруде. Жастарға арнап шынайы оқиғаларға негізделген деректі фильмдер көрсетіліп, оларды қылмыстық әрекеттерден сақтандыруға ерекше назар аударылуда, - деді салалық департаментте. 

ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы жұмысын жалғастыруда.

Фото: видеодан скриншот

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу