KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 3 м/с, З
518.97 607.3 6.64

7,5 миллион теңге қарыз алып, жоғалып кеткен жігіт табылды - ШҚО

Фото: stan. kz

5.06.2025, 17:00 123 Жанаргүл Көкенайқызы

Шығыс Қазақстан облысында ер адам танысынан қомақты ақша қарызға алып, кейін байланыссыз кеткен, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қалалық көші-қон қызметінің мамандары 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам танысына пәтер жөндеу үшін деп 7,5 миллион теңге қарыз алған. Алайда, көп ұзамай ол байланысқа шықпай, хабар-ошарсыз кеткен. Жәбірленуші бұл туралы құқық қорғау органдарына арызданған.

Іздеу шараларын бастаған көші-қон қызметінің мамандары бір тәуліктің ішінде күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстап, әрі қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция бөлімшесіне жеткізді.

Қазіргі таңда іс сот орындаушыларына жолданып, қарызды өндіру бойынша тиісті шаралар қолға алынды.

Полиция департаменті азаматтарға кез келген қаржылық келісімді – тіпті жақын адамдармен болса да – заң шеңберінде ресімдеу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ мұндай жағдайларды елеусіз қалдырмай, уақтылы әрекет етуге шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу