Ауылдағы үлкен жаңалық: Топқайында тұрақты мобильді байланыс қосылды

Катонқарағай ауданына қарасты Топқайын ауылында Beeline-ның жаңа базалық станциясы іске қосылды. Енді ауыл тұрғындары ұялы байланыс пен интернетті тұрақты пайдалана алады.
Бұл жоба облыстық бюджет есебінен жүзеге асты. Мақсат — шалғай ауылдарға да сапалы байланыс жеткізу, қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты азайту.
Аудан әкімдігінің айтуынша, байланыс – жай ғана телефон шалу емес. Ол – білім, медицина, мемлекеттік қызметтер мен шұғыл көмекке дер кезінде қол жеткізудің кепілі.
Топқайын тұрғындары үшін бұл үлкен жаңалық. Енді жастар да, кәсіпкерлер де, мектеп пен медицина қызметкерлері де интернетке оңай қосылып, жұмыстары мен өмірлерін жеңілдете алады.