KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
518.97 607.3 6.64

ШҚО, Катонқарағай: Отыз жыл жөндеу көрмеген атшабар жаңартылды

14.06.2025, 15:30 165 Айдос Мырзахметов


Катонқарағайдағы атшабар XXIII халықтық ұлттық спорт ойындарына орай толық жаңғыртылып, жаңа кейіпке енді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан орталығындағы ипподром соңғы рет 1994 жылы жөндеуден өткен. Содан бері небір додаға куә болғанымен, ірі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді. Өткен жылы аудан кәсіпкерлері бірлесе әрекет етіп, ипподромды сатып алып, толықтай жаңғыртуға кірісті. Құрылыс барысында ауыр тастар шығарылып, топырақ қабаты жаңартылып, алаң тегістеліп қайта жабылған. Бұл жұмыс республикалық көшпенділер ойындарына қойылатын талаптарға сай орындалды.

— Талғат Серменов, Айбек Исабаев, Ақжан, Айдос ағаларымызбен бірге атшабарды мерекеге дайындауды өз міндетіміз деп білдік. Қоршауын реттеп, көкпар алаңын жаңарттық. Қолдан келгенше туған жеріміздің көркеюіне үлес қосу — әр азаматтың парызы, — дейді кәсіпкер Азамат Нұрсұлтанов.

Атшабарды қалпына келтіруге «Катонқарағай тұрақты даму қоры» да қолдау көрсеткен. Сонымен қатар ауданның ауылдық округтерінен де тұрғындар атсалысып, бірлесіп еңбек етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу