KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
520.93 609.07 6.68

Еліміз мойындаған орталық: ШҚО онкоорталығы ұлттық аккредитациядан өтті

Фото: onko-vko.kz

16.06.2025, 17:30 129 Айна Ескенқызы

Шығыс Қазақстандағы көпбейінді онкология және хирургия орталығы 2025–2028 жылдарға арналған ұлттық аккредитациядан сүрінбей өтіп, ең жоғары деңгейге ие болды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл мәртебе – орталықта көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, науқастардың қауіпсіздігі және басқару жүйесінің тиімділігі ұлттық талаптарға толық сай екенін білдіреді.

— Бұл жетістік – ұжым болып ұзақ уақыт бойы атқарған еңбегіміздің нәтижесі. Біз емдеу және тексеру әдістерін заманауи талаптарға сай жетілдірдік, жұмысты жүйелі жолға қойдық. Сонымен қатар қызметкерлердің біліктілігі мен ішкі сапа бақылауына да ерекше мән бердік, – дейді орталық басшылығы.

Ұлттық аккредитация – жай ғана атақ емес, бұл мекемеге науқастардың және медициналық сала мамандарының сенім артып отырғанының нақты белгісі.

Орталық өкілдері барлық бөлім қызметкерлеріне еңбегі үшін алғыс айтып, онкологиялық науқастарға көрсетілетін көмекті одан әрі жақсарту үшін жұмысты жалғастыра беретінін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу