ШҚО-да найзағай мен күшті жел күтіледі, өрт қаупі жоғары

pixabay.com
17 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, жел күшейеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Казгидромет мәліметінше, облыстың шығысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Мамандар әсіресе облыстың оңтүстік және орталық бөліктерінде өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертеді. Ал оңтүстік-шығыста жағдай тіпті күрделі – бұл аймақта өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Облыс орталығы – Өскеменде күндіз ауа температурасы шамамен +18 градус болады. Аспан бұлтты, күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы шамамен 1 м/с. Түнде де бұлт басып, жаңбыр жаууы ықтимал.
Мамандар тұрғындарға табиғи өрттерден сақ болуды, орманда от жақпау мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Роксана Глыбова