«Кіші Үлбі» орманшылығының жұмыскерлері демалыс орнын абаттандырды
Өскемен орман шаруашылығының қызметкерлері «Кіші Үлбі» орманшылығы аумағында демалыс аймағын абаттандырды. Жаңа демалыс орны Кіші Үлбі өзенінің бойында, бұрынғы Ерофеевка ауылына жақын маңда орналасқан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– «Кіші Үлбі» орманшылығында демалыс орны жөнделіп, жаңадан салынды. Табиғатты қорғау мақсатындағы рейд аясында орман ішінде өрт қауіпсіздігіне байланысты арнайы ескерту белгілері орнатылды, – деді «Өскемен орман шаруашылығы» КММ мамандары.
Сонымен қатар орман қызметкерлері демалушыларға өрт қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Елизавета Седых
Фото: «Өскемен орман шаруашылығы» КММ
Оқи отырыңыз