KZ
Өскемен
-1°
снег жел 3 м/с, ОШ
514.74 599.36 6.71

Өскеменде өрт шыққан үйден 5 адам құтқарылды

2.07.2025, 10:30 226 Арайлым Орсаринова

 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы көпқабатты үйде шыққан өрт кезінде 5 адамды, оның ішінде 2 баланы аман-есен құтқарып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға Шаяхметов көшесінде тіркелді. Бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шығып, жиһаз бен тұрмыстық техника отқа оранған. Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.

Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына жедел жетіп, бірден құтқару және эвакуация жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар жанып жатқан пәтерден 5 адамды қауіпсіз жерге алып шықты, оның ішінде екі бала бар. Сонымен қатар, көрші пәтерлерден тағы 10 адам эвакуацияланды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖД мамандары тұрғындарға қауіпсіздік шараларын ұстануды, тұрмыстық техниканы мұқият пайдалануды және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Видео: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу