KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

1 тамызға дейін Ертіс жағалауында жаңа демалыс аумағы ашылады

22.07.2025, 18:00 225 Гульжан Мусина

 

Өскеменде 1 тамызға дейін Ертіс өзені бойындағы көпір астындағы аумақ толық абаттандырылып, жаңа демалыс орнына айналмақ, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімі Алмат Ақышевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр.

Мұнда балалар ойнайтын алаң, үстел теннисі қойылатын аумақ және шағын сауда орындары қарастырылған.

— Ертіс жағалауындағы бұл орын бұрын бос жатқан еді. Енді оны тұрғындар үшін тартымды әрі жайлы демалыс орнына айналдырамыз. Жұмыстарды 1 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Басты мақсат — халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, — деді қала әкімі.

Сонымен қатар қауіпсіздік үшін бұл аумақта 18 бейнебақылау камерасы орнатылады.

Қаланы көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Елизавета Седых

Фото: Жібек Нұрахмет

Видео: Өскемен қаласының әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу