KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

Жеті айда 235 жүргізуші мас күйде ұсталған - Өскемен

Өскемен қаласының прокуратурасы

4.08.2025, 17:00 199 Төлеуғазы Жансая

 

Өскемен қаласының прокуратурасы мен полиция қызметі бірігіп, көлік құралын мас күйде басқаруға қарсы рейдтер мен алдын алу шараларын күшейтті. Құқық қорғаушылар бұл бағыттағы жұмысты тұрақты жүргізіп келеді. Алайда ескертулер мен қатаң жазаларға қарамастан, мұндай құқықбұзушылықтар әлі де азаймай тұр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша — яғни мас күйде көлік басқарғаны үшін — 551 адам жауапкершілікке тартылған. Ал биылғы жеті айдың ішінде бұл көрсеткіш 235-ке жетті.

Мамандар ескерткендей, мас күйде көлік жүргізу — тек заң бұзу ғана емес, сонымен бірге өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет. Осындай жағдайлар талай адамның тағдырын өзгертіп, орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

Заңда көрсетілген жаза — 15 тәулікке дейін қамаққа алу және жүргізуші куәлігін 7 жылға айыру. Бұл — баламасыз жауапкершілік.

Мас күйде көлік жүргізбеңіз! Өз өміріңізді ғана емес, айналаңыздағы адамдардың тағдырын да ойлаңыз. Бір ғана сәттік немқұрайдылық үлкен қайғыға себеп болуы мүмкін,- делінген Өскемен қаласының прокуратурасының ресми хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу