KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, В
508.3 592.17 6.63

Өскеменде май зауытында өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД
4.08.2025, 17:30 247 Төлеуғазы Жансая

Өскемендегі күнбағыс майын өндіретін зауытта төтенше жағдайлар қызметі оқу-жаттығу өткізді. Сценарий бойынша, зауыт цехтарының бірінде шартты түрде өрт шыққан. Түтінге толған бөлмеде бір жұмысшы қалып қойған – ол өртті өз бетімен өшірмек болып, қатты түтіннен есінен танып қалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шақырылған құтқарушылар бөлмеде қалып қойған адамды тауып, жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізді. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Май зауытының басқа қызметкерлері қауіпсіздік дабылы берілген соң ғимараттан өз бетімен эвакуацияланды. Сондай-ақ, ШҚО ТЖД психологы олармен шұғыл жұмыс жүргізді.

Шартты өрт қысқа уақыт ішінде ауыздықталды. Оқу-жаттығу барысында нысан өкілдеріне өрт қауіпсіздігі ережелері тағы бір рет түсіндіріліп, нұсқама берілді.

– Май зауыты – өткелдері мен кіреберістері күрделі, үлкен өндірістік нысан. Біздің міндет – ғимараттың құрылымын ескере отырып, өртті сөндіру мен адамдарды құтқару жұмыстарын тиімді үйлестіру, – деді ШҚО ТЖД жедел кезекшісі Рамиль Мусабаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу