KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

Маусымаралық кезеңге 7 мың тонна өнімге келісімшарт жасалды

pixabay.com

4.08.2025, 16:00 223 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстағы сауда орындары мен кәсіпкерлік субъектілері арасында меморандумдар жасалып, өнімді төмен сауда үстемесімен ұсыну қарастырылған. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 2025–2026 жылдардағы маусымаралық кезеңге қажетті картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат өнімдеріне келісімшарттар бекіткен. 

Атап айтқанда:

  • картоп – 2000 тонна,

  • сәбіз – 900 тонна,

  • пияз – 600 тонна,

  • қырыққабат – 900 тонна.

Қазіргі таңда облыс бойынша әлеуметтік бұрыштар саны – 227. Бұл сауда нүктелерінде тауарлар 7%-дан аспайтын үстемемен сатылады. Сонымен қатар, өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілері өнімдерін еш үстемесіз ұсынатын 263 жеңілдетілген сауда орны жұмыс істеп тұр.

Әлеуметтік тауарлардың бағасы мынадай:

  • картоп – 263 тг/кг

  • сәбіз – 288 тг/кг

  • пияз – 228 тг/кг

  • қырыққабат – 263 тг/кг

  • күріш – 432 тг/кг

  • қарақұмық – 181 тг/кг

  • күнбағыс майы – 720 тг/л

  • қант – 417 тг/кг

  • рожки – 305 тг/кг

Облыс аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де үздіксіз өткізіліп келеді. Жыл басынан бері өңірде 160-тан астам жәрмеңке ұйымдастырылған. Осы арқылы тұрғындар өнімді делдалсыз, қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие. Азық-түлік тапшылығының алдын алу үшін облыста тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр. Сауда нысандарындағы баға мен өнім қоры күн сайын тексеріледі. Әкімдік мәліметінше, 1000-ға жуық жеткізуші, өндіруші және сауда орны әлеуметтік келісімдерге тартылған.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов келесі кезеңге дайындықты ертерек бастау қажет екенін атап өтті. Аймақ басшысы 2026 жылғы көктем-жаз маусымына арналған келісімдерді биылғы тамыз айында, ал 2026–2027 жылғы күз-қыс маусымына арналған құжаттарды қыркүйекте рәсімдеуді тапсырды. Сонымен қатар, «Алтай» көтерме-реттеу орталығы арқылы форвардтық келісімдер жасау мәселесі де назарда болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу