KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

Өскеменде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

altainews.kz

5.08.2025, 15:30 220 Төлеуғазы Жансая

05 тамыз күні сағат 20:00-ден бастап 06 тамыз таңғы 08:00-ге дейін Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Осыған байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — ауаның ластануы сейілмей, қалада зиянды қоспалар шоғырлануы мүмкін деген сөз. Мұндай кезде әсіресе демікпе, аллергия және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға далада көп жүрмеуге кеңес беріледі.

Мамандар халыққа денсаулығына мұқият болуға, қажетсіз көшеге шықпауға және балаларды далада ұзақ ұстамауға кеңес береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу