KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 4 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Сапасыз тауарды қайтару: тұтынушы нені білуі керек?

pixabay.com

10.08.2025, 18:00 451 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті дүкеннен сатып алынған тауар сапасыз болса, оны қайтару немесе айырбастау – әрбір тұтынушының заңмен бекітілген құқығы екенін еске салады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңымен реттеледі. Құжатқа сәйкес, егер тауарда ақау анықталса, сатып алушы:

  • бағасын төмендетуді;

  • кемшіліктерін тегін жөндеуді;

  • басқа тауарға ауыстыруды;

  • ақшаны толық қайтаруды талап ете алады.

Сатушы сапасыз тауарды 10 күн ішінде ауыстыруға, ал ауыстыру мүмкін болмаса, 30 күн ішінде ақшаны қайтаруға міндетті.

Егер тауар сапалы болса да, түсі, өлшемі немесе үлгісі ұнамаса, оны да қайтаруға болады. Ол үшін тауар қолданылмаған, қаптамасы мен чегі сақталған күйінде 14 күн ішінде дүкенге өткізу қажет.

Алайда, іш киім, дәрі-дәрмек және жеке қолдануға арналған тауарлар қайтарылмайды.

Заң талабы орындалмаса, тұтынушы департаментке немесе ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне онлайн түрде шағым бере алады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp?lang=kk.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу