KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

Өскемендік құтқарушы «Ұлы дала батыры» атағын жеңіп алды

Фото: ШҚО ТЖД

11.08.2025, 17:00 241 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде өткен «Ұлы дала батыры» кәсіби турнирінде ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушысы Ерзат Сақабанов жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Турнир аясында ол Өзбекстан Республикасының спортшысы Мираваз Миржалоловпен 61 келі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шықты. Қала орталығындағы ашық алаңда өткен тартысты бәсекені көптеген көрермен тамашалады.

Екі спортшы да табандылық пен жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті. Дегенмен, қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Ерзат Сақабанов турнирдің титулдық белбеуін иеленді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу