ШҚО: Орташа айлық жалақы 404 799 теңгеге жетті
depositphotos.com
Статистика департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 шілдесінде облыста жұмыспен қамту орталықтарында 12 877 жұмыссыз тіркелген. Бұл – жұмыс күшінің 3,3%-ы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ал 2025 жылдың І тоқсанында жұмыссыздар саны 17,2 мың адам болып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады.
Сол кезеңде облыста қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы (шағын кәсіпорындарды есептемегенде) 404 799 теңге болды. Бұл – 2024 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 7,5%-ға көп. Алайда нақты жалақы индексі 98,1% деңгейінде қалып отыр.
2025 жылғы І тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 247 586 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 12,8%-ға жоғары, ал нақты табыс өсімі – 2,9%.