KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, ОШ
522.19 606.42 6.47

Өскеменде аспалы арқан жолы жобасының әлеуеті талқыланды

15.08.2025, 09:00 201 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласы әкімі Алмат Ақышовтың тапсырмасы бойынша қалада аспалы арқан жолы жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Осы мақсатта әкімдік өкілдері Bartholet Maschinenbau AG компаниясының серіктесі Артур Шахбазянмен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тараптар бірлескен жұмыс аясында Қазақстан тауына техникалық талдау жүргізді. Алғашқы кезеңде тауды амфитеатрмен немесе Славский жағалауымен қосу нұсқалары ұсынылды.

Жоба әзірге жоспарлау сатысында болса да, оның әлеуеті зор. Аспалы арқан жолы қала орталығы, демалыс аймақтары және жаңа тұрғын аудандарды байланыстырып, туристік және көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналуы мүмкін.

Алдын ала техникалық-экономикалық есеп бойынша, жаңа көлік түрі жылына 7 миллионнан астам жолаушыны тасымалдауға қабілетті. Бұл өз кезегінде қаланың көлік жүйесіне түсетін жүктемені азайтып, туризм мен қоғамдық кеңістіктердің дамуына серпін бермек.


Фото: Өскемен қаласы әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу