Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жарияланды
altainews.kz
20 тамыз сағат 20:00-ден 21 тамыз сағат 20:00-ге дейін Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Осыған байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, мұндай кезде атмосфералық ауаның таралуы қиындайды, соның салдарынан зиянды заттардың шоғырлануы артуы мүмкін.
Тұрғындарға ауа сапасына байланысты сақтық шараларын қадағалау ұсынылады.
Оқи отырыңыз