KZ
Өскемен
-1°
снег жел 5 м/с, ОШ
514.74 599.36 6.71

Өскеменде велоспорттан ашық турнир өтті

25.08.2025, 13:45 292 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде қала күні мерекесіне орай велоспорттан қалалық ашық турнир ұйымдастырылды. Спорттық дода Әл-Фараби даңғылы бойында өтіп, әр жастағы спортсүйер тұрғындарды біріктірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жарыс Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және велоспортты кеңінен насихаттау.

Бәсекеге барлығы 50-ге жуық әуесқой велошабандоз қатысты. Қатысушылар төрт санат бойынша бақ сынады:

  • Ересектер (19–45 жас) – 40 км
  • Юниорлар (17–18 жас) – 40 км
  • Жасөспірімдер (15–16 жас) – 30 км
  • Қыздар (16–17 жас) – 30 км

Әрбір қатысушыға қойылған басты талаптар – жеке велосипеді, қорғаныс дулығасы және медициналық рұқсатының болуы.

Жарыс қызу тартысқа толы өтті. Қорытынды бойынша үздіктер анықталып, жүлдегерлерге қала әкімдігі атынан ақшалай сыйақылар табысталды:

  • I орын — 100 000 теңге
  • II орын — 60 000 теңге
  • III орын — 40 000 теңге

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

🔹 Ересектер (19–45 жас)
I орын – Жижин Федор
II орын – Хасенов Алдияр
III орын – Гончаров Михаил

🔹 Юниорлар (17–18 жас)
I орын – Муратов Улан
II орын – Сайлаухан Ильяс
III орын – Манарбек Нурали

🔹 Жасөспірімдер (15–16 жас)
I орын – Ахметханов Равиль
II орын – Сайранбек Бекнур
III орын – Калымбеков Ельназ

🔹 Қыздар (16–17 жас)
I орын – Смагулова Айана
II орын – Чалова Арина
III орын – Павленко Анастасия

Қатысушылар мен көрермендер жарысты жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, мұндай турнирлерді дәстүрге айналдыру – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, қала тұрғындарының белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

Өскемен қаласы әкімдігінің өкілдері алдағы уақытта да велоспорт пен басқа да бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Жайна Сыранова
Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу