KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

Өскеменде 4 мыңнан астам хоккей жанкүйеріне киберқылмыстан сақтану жолдары түсіндірілді

25.08.2025, 18:30 184 Төлеуғазы Жансая

 

Өскеменде өткен 2025 жылғы Қазақстан Кубогы аясындағы хоккей матчы тек спорттық тартыспен ғана емес, маңызды әлеуметтік акциямен де есте қалды. Ойын барысында полиция қызметкерлері жанкүйерлерге киберқауіпсіздік жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Спорт сарайына жиналған 4 мыңнан астам көрерменге жеке деректерді қорғау бойынша практикалық кеңестер жазылған жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, үлкен экраннан интернет-алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері мен олардан сақтану жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді.

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар азаматтардың киберсауаттылығын арттыруға, жаңа қылмыс түрлерінің алдын алуға ықпал етеді.

— Профилактика – қоғамды қорғаудың ең тиімді тәсілі. Әрбір азамат интернет кеңістігінде сақтық танытып, жеке деректерін қорғауға жауапкершілікпен қарауы қажет, — деді тәртіп сақшылары.

Акция ұйымдастырушылары спорттық алаңда өткен түсіндіру жұмыстары көрермендерге ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу