Өскеменде халықаралық инвестициялық форум «Altai Invest-2025» өтеді
26 қыркүйекте Өскемен қаласында халықаралық инвестициялық форум «Altai Invest-2025» өтеді. Бұл – бизнес өкілдері мен инвесторлар үшін маңызды алаң болмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Форумның негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстандағы инвестициялық белсенділікті арттыру, ашық бизнес-платформа құру, жаңа жобаларды ілгерілету және өңірдің халықаралық брендін нығайту.
Бағдарлама аясында пленарлық отырыстар, B2B-кездесулер және инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылады. Қатысушылар өз жобаларын таныстырып, әріптестік орнату мүмкіндіктерін талқылайды және жаңа инвестициялар тарту жолдарын қарастырады.
Altai Invest-2025 – Шығыс Қазақстан үшін нақты инвестициялар мен жаңа перспективаларға жол ашатын бірегей мүмкіндік.