KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 4 м/с, В
507.07 572.53 6.37

Өскеменде дәстүрлі “Шырақ жағу” акциясы өтті (видео)

9.05.2025, 21:00 1 989 Ержан Әбіш

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – ел жадындағы ерекше белес. Сұрапыл соғыс жылдары алыстаған сайын, батырлардың ерлігіне деген құрмет те тереңдей түсуде. Осы орайда, 9 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында Жеңіс күніне арналған мазмұнды әрі тағылымды шаралар өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Салтанатты күннің шымылдығын мерекелік концерт ашты. Жан тебірентерлік әндер шырқалып, жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсетілді. Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі дәстүрге айналған «Шырақ жағу» акциясы болды.

Даңқ мемориалының алдындағы алаңда мыңдаған тұрғын үнсіздікпен сап түзеді. Қолдарына шырақ ұстаған қала халқы майдан даласында қаза тапқан боздақтарды еске алып, жарық арқылы үміт пен жадыны жаңғыртты. Шамдардан жасалған бес бұрышты жұлдыз ерліктің символына айналса, дәл ортасына орнатылған “80” саны Жеңістің 80 жылдық даңқын бейнеледі.

– Бұл акцияның бәріміз үшін маңызы зор. Себебі бұл – өз өмірін болашақ үшін қиғандарға деген ұрпақ алғысы. Біз бейбіт өмірде тыныштықта өмір сүріп отырған әрбір жан сол күрестің өтеуі екенін естен шығармауымыз керек, – деді шараға қатысқан қала тұрғыны.

Кеш соңында өскемендіктер мерекелік отшашуды тамашалады.


Қуаныш Рахметоллаұлы

Фото/видео: Жәнібек Ырысбай, Жалғас Сакадиев, Екатерина Семина

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу