KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Самар ауданына дәрігерлер мен медпункттер қажет

22.12.2023, 16:26 136

Самар ауданының  жұртына сапалы медициналық қызмет көрсете алатындай сапалы медициналық инфрақұрылым  қажет. Аудандағы  бірнеше ауылда медициналық көмек көрсететін мекемелер  жоқ. Дәрігерлер де тапшы екен.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Самар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашевтың қатысуымен өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Ауданға анестезиолог, офтальмолог, онколог, дерматолог, хирург мамандар қажет болып отыр. Сонымен қатар Миролюбовка, Қойтас, Жұмба, Шұбаркайың, Караөткел, Палатцы, Мойылды ауылдарына медициналық пункттер, Көкжыраға ФАП қажет. Медициналық мекемелерге және мамандарға деген қажеттілік туралы ақпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына жіберіліпті.

Аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашевтың айтуынша, биыл аудандық аурухананың терапия бөліміне күрделі жөндеу жүргізілген. Көкжота ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт 20 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізілген. 2024 жылы Бастаушы ауылындағы тозығы жеткен дәрігерлік амбулатория жөнделмек. 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу