KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

ШҚО-да жаңа басқармалар құрылды

29.05.2024, 10:31 79 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында жаңа басқармалар құрылды. Бұл өзгерістер өткен аптада сессия шешімімен бекітілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Енді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және облыстық ветеринария басқармасы бар.

Сондай-ақ жұмылдыру дайындығы жөніндегі жеке басқарма құрылды.

– Елімізде соңғы кезде болған оқиғалар – жер сілкінісі мен су тасқыны бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет екенін көрсетті, – деді облыс әкімдігінің мәжілісінде аймақ басшысы Ермек Көшербаев.

Айта кетейік, қоғамдық даму басқармасы ішкі саясат басқармасы болып өзгертілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив