KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Жалған шетел валютасын сату фактілері көбейген

фото: Голос народа

18.06.2024, 11:16 144 Айжанат Бақытқызы

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарға жалған шетел валютасын сату фактілерінің көбеюі туралы ескертті, деп хабарлайды тілшісі.

Ведомство мерекелік маусым қарсаңында, әсіресе, шетелде валюта айырбастау кезінде қырағы болу керектігін атап өтті.

«Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін және қылмыстық қудалау орбитасына ілінбеу мақсатында, жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны «делдалдардан» сатып алмаңыз. Сауда-саттық жасау кезінде мұқият болуға және банкоматтан ақша алғанда, чектерін сақтауға кеңес береміз»,-деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттік қызметі қолма-қол ақша айналымымен байланысты азаматтар мен қаржылық мониторинг субъектілерін (ЕДБ, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) жалған банкноттар табылған жағдайда дереу ҚМА-ның аумақтық департаменттеріне  жүгінуге шақырады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жылдың басынан бері ел аумағында 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелген (2023 жылы – 45 қылмыстық іс, 2022 жылы – 44 қылмыстық іс).

Тек 2023 жылы және 2024 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 763 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 1 378 200 теңге сомасына 384 купюра, АҚШ долларында сомасы 120 050 АҚШ долларына 1 342 купюра, еурода сомасы 17 500 еуроға 35 купюра, ресей рублімен - 10 000 рубль сомасына 2 купюра анықталды.

Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады.

Сонымен бірге, Қазақстан Ұлттық Банкі жалған банкноттар мен монеталарын не шетел валютасын өткізу мақсатында дайындау немесе сақтау мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны жайлы хабардар етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу