KZ
Өскемен
+17°
пасмурно Штиль
481.63 534.46 5.28

ШҚО білім басқармасы №50 мектепке қатысты түсініктеме берді

18.07.2024, 13:15 114 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығындағы драма театрының жанында салынып жатқан нысан қазақ мектебі бола ма, әлде аралас мектеп пе деген сауал қоғамда қызу талқыға түскен еді. Білім басқармасы бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

№50 мектеп тек қазақ тілінде оқытады. Бейінді басқарма өкілдері орыс сыныптарын ашуға берілген өтінімдер саны жеткіліксіз екенін хабарлады.
«Орыс тілінде оқытуға берілген саны: 1 сынып – 11, 2 сынып – 17, 3 сынып – 7, 4 сынып – 6, 5 сынып –17, 6 сынып – 9, 7 сынып – 17, 8 сынып – 8, 9 сынып – 8, 10 сынып – 9, 11 сынып – 4. Қазақ тілінде оқытуға 400-ден астам өтінім түсті», - деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының өкілдері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив