KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Мониторингтік сапардың қорытындысы жарияланды

24.07.2024, 10:03 351 Анель Слямғазықызы

Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының  мониторингтік тобы 15-19 шілде аралығында облыстың медициналық ұйымдарында болды. Ғылыми орталықтың мамандары туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсетті. Мониторингтік сапардың қорытындысы облыстың денсаулық сақтау басқармасының үйлестіру кеңесінде жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сапар барысында мониторингтік топ туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыруда ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығында, Ақжар ауылындағы мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінде, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығында, №4 қалалық аурухананың пульмонологиялық, терапевтік бөлімшелерінде, ана мен бала орталығында,  АИТВ-ның алдын алу жөніндегі облыстық орталықта, бірнеше емханада, Шемонайха және Тарбағатай аудандық ауруханаларында, «Қуат» үкіметтік емес ұйымында болып, жұмыстарымен танысты. 

Ағымдағы жылдың  алты айының қорытындысы бойынша облыста туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,8% – ға төмендеді, 100 мың тұрғынға шаққанда 21,3 (155 жағдай), былтыр  100 мың тұрғынға шаққанда 21,7 (158 жағдай) құрады.

Сонымен қатар, туберкулез инфекциясымен жұмыс істеудің оң жақтары, науқаспен байланыста болған  адамдарды профилактикалық емдеумен қамтудың артуы, емдеудің тиімділігі, туберкулездің таралуы мен қайталануының төмендегені атап өтілді.

-Тұрғындар арасында туберкулездің алдын алу бойынша МСАК басшыларына нақты ұсыныстар, атап айтқанда,   тәуекел тобына жататындарды анықтау,  ересектер мен балаларды АТР терапиясымен және  химиопрофилактикалық еммен жүз пайыз қамту, туберкулезге күдікті адамдардың диагностикалық алгоритмін мүлтіксіз сақтау сияқты тапсырмалар берілді.  Туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша медициналық ұйым ішіндегі мониторинг мәселелерін жеке бақылауға алу   тапсырылды. Біз  республикалық топ мүшелеріне алғыс білдіргіміз келеді,  - деп атап өтті өңірдің бас фтизиатры Райфа Сафиоллинова.

Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова мониторингтік топқа әдістемелік көмек көрсеткені және  өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша проблемалық сәттерді анықтағаны үшін алғысын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу