KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
478.58 520.84 5.44

Жармада 23 бас сиыр ұрланды

16.01.2019, 10:57 334


Жарма аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.  Оның айтуынша, түнде белгісіз біреулер қоршаудан 23 бас ірі қара малды ұрлап кеткен. Келтірілген залал 4 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тергеу амалдарының нәтижесінде Ұлан ауданының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Ал оның сыбайласы бірнеше ай бойы полициядан жасырынып жүрсе де, ақыры құрықталған екен. Ол 38 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты.


-Қарақшылар ұрланған малдың бірнеше басын облыс орталығындағы базарға өткізіп үлгерген екен. Қалған мал заңды қожайындары қайтарылды, - дейді ШҚО ПД криминалды полиция басқармасының басшысы Нүркен Көпжасаров.


Дәл осы жағдайға ұқсас мал ұрлау фактісі Семей қаласының маңындағы Ново-Боженово ауылында болған. Мұнда ұрылар 10 бас ірі қара мал мен 10 сауын сиырды алып кеткен. Келтірілген залал 2 200 000 теңгені құрайды.


Қазір құрықталған күдіктілердің басқа да мал ұрлау фактілеріне қатысы анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив