Балалардың қауіпсіздігі бірінші кезекте - Күршім
10 тамыздан 25 қыркүйекке дейін Күршім ауданы бойынша "Қауіпсіз мектеп ортасы" республикалық акциясы өткізілуде.
Пандемия кезеңінде қауіпсіз білім беру ортасын құру, балаларға және балалар арасындағы құқыққа қарсы әрекеттерден балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Осы орайда, Күршім АПБ-нің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы мен Күршім ауданы жастар орталығы мамандары бірлесіп Күршім ауылы бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп, Күршім АПБ-де есепте тұрған «қолайсыз» жанұяларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, профилактикалық әңгімелесулер жүргізді.
Күршім АПБ ЖПҚБ КТІжУПИ полиция аға лейтенанты Назгүл Сабырбекова:
- Өзін-өзі оқшаулау бойынша енгізілген шараларға байланысты балалар көбірек уақытты онлайн режимінде өткізеді, өйткені олар достарымен байланыста болып, өз сезімдерін білдіруі, оқуы, көңіл көтеруі керек. Осылайша олар әлеуметтік желілерге тәуелді болғандықтан, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын сексуалдық бопсалау, кибербуллинг және жыныстық қанаудың басқа да түрлерінің құрбандарына айналады. Сондай-ақ, білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі, балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді,-дейді.
Сондай-ақ, тәртіп сақшысының айтуынша, соңғы уақытта оқу орындары мен олардың аумақтарында немесе олардың тікелей маңында орын алған құқық бұзушылықтар, жарақат алу ерекше қауіп тудыруда. Бүгінде балалардың қауіпсіздігі төтенше жағдайлардың алдын алуға негізделген-бірінші кезектегі міндет.