KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Жабайы жануарлар "қала аралағыш" болып барады - ШҚО

11.08.2020, 05:22 204

Қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі бүгін Семейдегі Қозбағаров көшесінің бойындағы подъездердің бірінде еліктің жүргені туралы ақпарат келіп түскенін хабарлады. Шақыртуға учаскелік полиция қызметкерлері, орманшылар мен экологиялық полиция қызметкерлері барған.

«Иә, расымен ол жерде елік жүр екен. Шақыртуға барған мамандар оны көрпемен жауып,  ұстап алды, - деп түсіндірді қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір елік уақытша балалар биологиялық орталығына орналастырылды. Полиция қызметкерлері еліктің жағдайы қалыпты екенін, арнайы мамамандардың бақылауында, 10 күннен кейін жануар бостандыққа шығуы да мүмкін екенін айтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу