KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да темекі айтарлықтай қымбаттады

15.05.2020, 05:24 203

Қазақстанда бір ай ішінде темекі бұйымдарының бағасы 0,7 пайызға, жыл ішінде 12 пайызға қымбаттады. Бағаның айтарлықтай өсуі әсіресе Шығыс Қазақстан (3,2 пайыз), Павлодар (2,5 пайыз) және Жамбыл облыстарында (2,1 пайыз) байқалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары мәлімдеді. Мамандардың дерегіне сәйкес, Қазақстан қалалары бойынша 2020 жылғы сәуір айының соңында фильтрі бар бір қорап темекінің бағасы 465 теңгені болған. Бұл 2019 жылғы сәуір айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,7 пайызға көп.

Басқаларына қарағанда Семей қаласында сәуірде темекі бағасы айтарлықтай қымбаттады. Бұл қалада темекінің қорабы алты пайызға жоғарылап, 478 теңге болды. Павлодарда 454 теңгеге (2,7 пайыз) дейін және Таразда 471 теңгеге (2,4 пайыз) дейін қымбаттады.

Сондай-ақ Қостанайда (490 теңге), Ақтөбеде (488 теңге) және Нұр-Сұлтанда (485 теңге) баға өсімі байқалса, ең төмен бағалар Петропавлда (439 теңге), Қызылордада (444 теңге) және Алматыда (447 теңге) тіркелді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу