KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО – үй телефонын жиі пайдаланатын үш өңірдің бірі

20.02.2020, 04:51 182

Energyprom сарапшылары үй телефонын жиі пайдаланатын өңірлерді анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мамандардың айтуынша, қаңтар айында жергілікті телефон байланысы қызметі 3 миллиард теңге болған. Оның 864,1 миллион теңгесі – ауылдық жердегі қызмет ақысы, бұл көрсеткіш бір жылда 12,5% азайып отыр. Жалпы қызмет көлемі бір жылда 5,5% азайған.

Жергілікті телефон байланысы қызметі көлемінің 21,8%-ы Алматыға тиесілі – 655,3 миллион теңге. Қазақстан бойынша үй телефонына сұраныс азайғанымен Алматыда, керісінше, байланыстың бұл түрін пайдалану бір жылда бірден 11,9% артқан.

Үй немесе кеңсе телефонын пайдалану жөнінен Қарағанды (республика бойынша көлемнің 10,6%-і) және Шығыс Қазақстан (7,8%) өңірлері үздік үштікке енеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу