Қазан айында ауа райы қандай болады?
ШҚО аумағында қазан айында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, жақын арада күн қайта жылынады екен. Алайда түнгі уақытта минус 2...10 градус температура сақталады.
Алғашқы онкүндіктің соңында ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын болады. Күндіз сынап бағаны плюс 8...18 градус аралығын көрсетеді.
Сондай-ақ, тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін.
Оқи отырыңыз