Семей әкімі қала тұрғындарын сенбілікке шақырды
Семей әкімі қала тұрғындарын сенбілікке шақырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын қала басшысы Ермак Сәлімовтың қала көшелерін велосипедпен аралап жүргенін жазған едік. Алғашқы сапарын Юность кентінен бастаған әкім бұрыш-бұрышта шашылған қоқысты жинауға шақырды.
31-ші тамыздағы сенбілік бұл жолы Юность ауданында өтпек. Кезекті акцияға қоқыс шығару қызметі бірден келіп, барлық қоқыстарды жинайтын болады.
– Аудан өте лас. Сондықтан бір ғана сенбілік жеткіліксіз. Әдеттегідей сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер қатысады, бірақ біз тұрғындардың да аталмыш акцияға өз үлестерін қосқанын қалаймыз. Қалалық ТҮКШ бөлімі, полиция қызметкерлеріне тапсырмалар жүктелді. Аудан тазалығы қатаң бақылауға алынады, – дейді әкімдіктегілер.