Журналистердің кәсіби мерекесі арнайы қаулымен бекітіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің кәсіби мерекесін арнайы қаулымен бекітуге тапсырма берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі зор екенін айқындайтын шешім, – деп жазды Президент Қ.Тоқаев өзінің Twitter әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, журналистер мерекесі жыл сайын маусым айның 28-інде аталып өтіп келеді.
Оқи отырыңыз