Сайлау-2019: Сайлаушылардың тізімінен өзіңді қалай тексеруге болады?
9 маусымда өтетін Президент сайлауына дейін әр адам өзі туралы мәліметті сайлаушылар тізімінен тексере алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сайлауға қатысу – жасы 18-ден асқан әр азаматтың конституциялық құқығы. Сайлауға сот шешімі бойынша қабілетсіз деп табылған, сондай-ақ, сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азаматтар қатыса алмайды.
25 мамырдан 8 маусымға дейін сайлаушылар тізіміне енгізілгеніңіз жөнінде ақпаратты сілтемедегі үлгі бойынша тексеруге болады: https://e-vko.gov.kz/kk/Voters?fbclid=IwAR2gp7FNmu0hnYmuqnjRA65sl9opKHWqwSv-kj4GjDpuj426VXjJb6GnOdw.
Оқи отырыңыз