Наурыз мейрамында ауа райы қалай болады?
Синоптиктер 19-22 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мамандардың мәліметінше, алдағы мейрам күндері кейбір өңірлерде жауын-шашын жауып, күн күркіреп, найзағай ойнайды.
– Республиканың кейбір өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, таңертең және кешке тұман түседі. Қиыр батыс және оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронт әсерінен жауын-шашын жауады. Оңтүстікте өткінші жауын, найзайғай ойнайды. Ауа температурасы ел көлемінде қалыпты, орташа көпжылдық мәнге жақын болады, тек оңтүстік өңірлерде 5...7 градусқа жоғары болады, – деп мәлімдеді «Қазгидромет» өкілдері.