KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

4 наурыз: ШҚО-да +3 градус. Мамандар су тасқыны қауіпі бар екенін ескертті

4.03.2019, 03:49 182

 

Синоптиктер 4 наурыз күні Шығыс Қазақстанда су тасқыны болу мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Мамандар сөзіне сенсек, атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты 4 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауады.

 

Шығыс Қазақстанда күн жылы. Түнде сынап бағанасы бар болғаны 5-10 градус нөлден төмен, ал күндіз ауа температурасы +3 градусқа дейін жоғарылайды.

 

– Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы өңірлерінде қардың еруі мен жауын-шашын салдарынан су тасқыны қаупі бар, – деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.

 

Оразай Жеңісұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив